«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Богородка ауылының орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Богородка отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шағын эссе. Менің отбасым-менің тірегім.

13.09.2023

Шағын эссе.

Менің отбасым-менің тірегім.

 

Менің отбасым-керемет.Мен ата-анамды қатты жақсы көремін,себебі олар өте ақылды, әдемі, ал әжем өте сабырлы. Бұл тек  жай ғана сөз емес,оларды істері дәлелдейді.Олар мен үшін өнеге.

         Анам­ Елена -хатшы, анамды еңбегі үшін сыйлайды, бағалайды. Әкем Александр-байланыс қызметінде жұмыс істейді. Ол- біздің тірегіміз және қорғаушымыз. Жұмыста олар тәртіпті талап етеді, ал үйде қамқоршы жандар. Отбасымда тағы үш сіңлілерім бар.Біз жиі үстел тенисін ойнаймыз, теледидар көреміз, бірге ата-анамызға көмектесеміз.

         Әрбір отбасы- бұл үлкен әлем,өзіндік дәстүрлері, отбасылық мейрамдары,қарым-қатынастары бар.Отбасылық дәстүрлерді біз сақтаймыз.

     Мысалы, Пасха мейрамында анам, әжем бірлесіп, бәліш тәтті тағамдарды әзірлейді, ал сіңілеріммен жұмыртқа бояймыз.

Мен үшін отбасым- тірегім, ең қымбат- байлығым. Бұлар- ата анам, туғандарым.

Просмотров: 4572


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст