Текст
09.11.2026
9 қарашада Богородка негізгі орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің ашылуы өтті. Онкүндіктің мақсаты — оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, қазақ әдебиетімен және халқымыздың салт-дәстүрімен таныстыру.
Алда оқушыларды викториналар, сурет байқауы, қолөнер көрмесі және Ыбырай Алтынсаринге арналған диктант күтіп тұр. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!