Текст
«Мейірімділіктің сиқырлы гүлі» ойын-тренинг.
«Солнышко» мектеп жанындағы лагерьде жазғы кезеңде «Мейірімділіктің сиқырлы гүлі» ойын-тренингі өтті.
Мақсаты: оқушылардың мейірімділік туралы білімдерін кеңейту, оның адамның өміріндегі маңызы.
Балаларды мейірімді мінезге бағыттандыру. Байланыс сөйлеуді дамыту, өз ойын білдіру білу.
Балалар жаттығуларда, ойындарда белсене қатысты, сұрақ-жағдайларды ойнады. Жаман мінездерді мейірімді және жақсыларға айналдыруға көмектесті.