Текст
Мектепте оқулықтардың түгелдігін, тазалығын тексеру мақсатында рейд жүргізілді. Сабақта оқулықтардың болуы, мұқабаның және бетбелгінің болуы, оқулықтың қапталуы тексерілді. Рейдтің мақсаты – оқушыларды оқулықты қадірлеуге, ұқыпты ұстауға үйрету. Тексеріс нәтижесі бойынша оқушылардың басым көпшілігі оқулықтарды ұқыпты ұстайтыны және сабақ кестесіне сәйкес алып келетіндігі анықталды.